$ 494.87  520.65  4.91

Ауламның шөбін жұлмадың: Атырауда 17 жастағы бозбаланы ұрып өлтірген күдікті қамауға алынды

Жолдан інімнің досын да көлікке салып алып, оларды ауылдан екі километр жерге апарған, қасында күдіктінің тағы үш досы болған.

Дәулет Набидуллин. Фото: отбасының жеке мұрағатынан
Дәулет Набидуллин. Фото: отбасының жеке мұрағатынан

4 шілдеде Атырау облысы Махамбет ауданы Сарытоғай ауылында ауылдасының соққысынан 17 жасар жасөспірім қайтыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Биыл ғана мектеп бітірген»: Атырауда төбелес кезінде 17 жастағы жасөспірім көз жұмды

Аталған дерек бойынша полиция «абайсызда қазаға ұшырату» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады.

11 шілдеде Атырау облысы прокуратурасының нұсқауымен күдіктінің әрекеті «абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабымен дәрежеленіп, ол қамауға алынды.

13 шілдеде оған сот шешімімен екі ай мерзімге қамау шарасы санкцияланды.

Істің тергеп-тексерілуі ерекше бақылауда.

Ал әпкесінің сөзінше, қайғылы жағдай болған 3 шілде күні Даулет сыныптастарымен көшеде қыдырып жүрген. Сол кезде өзінен екі жас үлкен ауылдасына жолығып қалады. Ол "шақырғанда келмедің, ауламның шөбін жұлуға көмектеспедің" деп жасөспірімді ауыл сыртына алып кеткен дейді.

"Жолдан інімнің досын да көлікке салып алып, оларды ауылдан екі километр жерге апарған, қасында күдіктінің тағы үш досы болған. Ауыл сыртында інімді соққыға жыққан, досын да ұрған. Кейін інімнің әлі кетіп, талып жатқан кезінде ұрған бала жедел-жәрдем шақырған. Алайда оқиға орнына жедел жәрдем келмей, олар өз автокөлігімен Махамбет аудандық ауруханасына алып шыққан. Інімнің досының айтуынша, бала ауылға кіргенге дейін тірі болған. Кіреберістегі жаяу жүргіншілер жолағынан өткен кезде жүріп кеткен", - дейді Қымбат Набидуллина.

Бала ауруханаға түнгі 00:20 шамасында түскен. Алайда оның денесін Атырау қаласына экспертизаға тек таңертең 06:30 шамасында жеткізген. Қазір тергеу-амалдары жүргізілуде. Бірақ туыстарының оған көңілі толмай отыр. Күдіктіге бірнеше бап бойынша айып тағылуы керек дейді олар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 3
Күлкілі 3
Ашулы 64

Серіктес жаңалықтары