$ 494.87  520.65  4.91

«Шашын қиып, тырнағын алған»: Бекболат Тілеухан Алматыға келіп, сәбиді қырқынан шығарды

Сондай-ақ, ол сәбидің азан шақырып атын қойды. 

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Психолог, 7 баланың анасы Нұргүл Даубаева кенже ұлының қырқынан шығару рәсімін экс-депутат Бекболат Тілеухан мен оның әйеліне жасатқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Азаттық Рухы басылымына сілтеме жасап.

Алланың бұйыртқаны, Алматыда Асанәлінің қырық күнге толған маңызды күнінде кіндік әке-кіндік анасы Бекболат ағамыз бен Кенже әпкем қарын шашын, тырнағын алып, бір үлкен іс атқарды, - деп жазды Даубаева.

Бекболат Тілеуханның өзі сәбидің шашын қиып, тырнағын алған. Алайда бұл әрекетті оқырмандар түсінбейтінін жазған.

О заман да, бұ заман, еркек қырқынан шығарғанды бірінші рет көріп тұрмын. Еркек, ер адам қырқынан шығармайды ғой. Күннен-күнге неше түрліні шығарады. Бекболат жұмыс ауыстырған ба, бір күні әйелдерді босандырып жүрсе, таңғалмаймын. Салтты бекер бұрмаладың. Кіндік атасы дегені несі, неше түрліні шығарады. Қошеметке лайықты адам тапқан екенсіңдер, - деп жазды олар.

Сондай-ақ, Тілеухан сәбидің атын азан шақырып, "Асанәлі" деп қойып береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 27
Күлкілі 11
Ашулы 7

Серіктес жаңалықтары