18.07.2024, 15:40

Андрей Михайлович Жәнібек Әлімханұлын мазақ етіп видео түсірді

Коллаж: Sn.kz

Видеода Михайлович асфальтқа «Janibek» деп жазып, жазудың жанында билеген.

Жаңазеландиялық боксшы Андрей Михайлович  Жәнібек Әлімханұлын мазақ етіп видео түсірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Андрей Михайлович Жәнібек Әлімханұлыны мазақ етіп видер түсірген. Онысын тіпті,  Instagram-дағы парақшасына жариялады. Видеода Михайлович асфальтқа «Janibek» деп жазып, жазудың жанында билеген. Артынша жазудың үстіне ұнтақ сеуіп, су шашқан.

Видеоның соңында «Бұл контентті түсірген кезде бірде-бір чемпион зардап шеккен жоқ. Тек ағзасы құрғап қалды» деген жазу көрінеді.

Еске салсақ, 14 шілдеде Андрей Михайлович пен Жәнібек Әлімханұлы Лас-Вегаста жұдырықтасуы керек болған. Бірақ қазақстанды спортшы салмақ қуу кезінде ағзасына су жетіспеуіне байланысты есінен танып, ауруханаға түсіп қалғандықтан жекпе-жек өтпей қалды.