18.07.2024, 19:00

Ресейден қашып келген спортшы Қазақстанда жеңімпаз атанды

Фото: team samodelkina

Ол бұған дейін Қазақстан әнұранын жаттап жүргенін айтқан.

Ресейден қашып келген мәнерлеп сырғанаушы, 17 жасар Софья Самоделкина қазақстандық спортшы ретінде алғаш рет жазғы Қазақстан чемпионатында қатысты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жарыс 15-18 шілде аралығында Қарағандыда өтті. 

Самоделкина Қарағандыда өткен ел біріншілігінде Софья Самоделкина қысқа бағдарламада 51,23 ұпай жинап, екінші орын алса, еркін бағдарламада 110,20 ұпай жинады.Жарыс қорытындысы бойынша Самоделкина 161,43 ұпай жинап, қарсыластарынан басым түсті. София Фарафонова 140,55 ұпаймен екінші орынға тұрақтаса, үздік үштікті 136,21 ұпай жинаған Анна Санникова қорытындылады.

Еске салсақ, Ресейден келген мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина қазақстандық спортшы ретінде алғашқы жарысқа қатысып отыр. Ол бұған дейін Қазақстан әнұранын жаттап жүргенін айтқан.