$ 495.2  522.34  4.94

«Ақша үшін арын сатып»: Алматылық гүл дүкені қызды сексуалды нысанға айналдырып, жарнама таратқан

Бизнестерің банкрот болсын. Қызды эксплуатация жасау - ең сорлы жарнама.

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Жарнама жасаушылар жас қызды сексуалды видеоға түсіріп, гүл сатпақ болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

SMARTNEWS.KZ басылымының жазуынша, Алматыдағы гүл сататын дүкеннің жарнамасы көпшіліктің ашуын тудырды.

Instagram әлеуметтік желісінде гүл дүкені Қазақстанның заңына қайшы жарнама ұсынды.

Олар әйел адамның тәнін эксплуатациялап, сексуалды нысанға айналдырған. Жарнама жасаушылар қыздың қадір-қасиеті мен ар-намысын қорлайтын бейнежазба түсірген. 

Аталған жарнаманың астына қоғам белсенділерінен бастап, белгілі тележүргізуші, продюсерлер мен блогерлер теріс пікірлер жазып, жарнаманы алып тастап, дүкен иелері мен жарнама жасаушылар заң алдында жауап берулерін талап етті.

«Адам болмайсыңдар», «Жиіркенішті. Құрметті тұтынушылар мына цветочный магазиннен гүл алмайық! Мынандай заттарды ұялмай нормально деп реклама түсірген сауатсыз маркетинг жасайтындар гүл алып саудасын жасау дұрыс емес», «Мына гүл дүкенін мына видеосы үшін сотқа және отқа», «Ақымақтар. Пікір көп жинадық, охват деп отырсыңдар ма? Бизнестерің банкрот болсын. Қызды эксплуатация жасау - ең сорлы жарнама», «Гүлге клиент жинайм деп, керісінше жиіркендіріп тұрсыңдар» деп жазды олар.

Еске салайық, бейәдеп жарнама үшін Әкімшілік кодестің 455-бабында айыппұл қарастырылған: шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 170 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 200 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне -500 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 8
Күлкілі 1
Ашулы 21

Серіктес жаңалықтары