$ 480.55  533.75  5.36

ХХІ ғасырдың үздік футболшысы атағы кімге бұйырды?

Қазір ол «Интер Майамиде» ойнайды.

Фото:  SN.KZ коллажы
Фото: SN.KZ коллажы

Танымал ESPN спорттық басылымы ХХІ ғасырдың үздік 10 футболшысының тізімін жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тізімде көш бастаған "Барселонаның" бұрынғы шабуылшысы Лионель Месси ХХІ ғасырдың үздік футболшысы атанды. Қазір ол "Интер Майамиде" ойнайды.

Алғашқы үштікті бұрынғы Барселона мен Арсенал шабуылшысы Тьерри Анри аяқтады. 

Сондай-ақ, танымал жас спортшы, "Реал" құрамасының футболшысы Килиан Мбаппе ғасырдың үздік футболшылары арасында алтыншы орынға тұрақтады. 

Сонымен ХХІ ғасырдың үздік 10 футболшысының тізімі төмендегідей:

Лионель Месси (Аргентина).

Криштиану Роналду (Португалия).

Тьерри Анри (Франция).

Зинедин Зидан (Франция).

Лука Модрич (Хорватия).

Килиан Мбаппе (Франция).

Андрес Иньеста (Испания).

Хави (Испания).

Роналду (Бразилия).

Роналдиньо (Бразилия).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 2
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары