Жаңа клуб өз алаңындағы матчтарын «Қайрат» академиясы нысандарының бірінде өткізеді.
Бизнесмен Қайрат Боранбаев Алматыда тағы бір футбол клубын ашуға дайындалуда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Metaratings.kz сайтындағы мәліметке сүйенсек, жаңа клуб Almaty United деп аталады және 2025 жылғы маусымда QFL екінші лигасында ойнайды. Клубты ашуға басты себеп – Боранбаев басқаратын «Қайрат» футбол клубының академиясынан шыққан футболшыларды ойын тәжірибесімен қамтамасыз ету.
Жаңа клуб өз алаңындағы матчтарын «Қайрат» академиясы нысандарының бірінде өткізеді. Ал клубтың бас директоры «Қайраттың» бұрынғы директоры, қазір Player Сareer Management футбол агенттігінің басшысы Баймұханов Марат Бүркітұлы болады.