$ 494.87  520.65  4.91

Непалда ұшақ апатынан 18 адам қаза тапты

Құтқару қызметі 37 жастағы кеме капитанын қирандылар арасынан шығарып, ауруханаға жөнелтті.

Фото: www.aol.com
Фото: www.aol.com

Непалдың Катманду әуежайында Saurya Air ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

BBC арнасының мәліметінше, ұшақ бортында 19 жолаушы болған. Әуе компаниясының мәліметінше, ұшақ құлаған жерден 18 адамның мәйіті табылды. 

Сынақ мақсатында ұшқан рейсте Saurya Airline компаниясының 17 техникалық қызметкері мен екі экипаж мүшесі болған. Ұшақ жергілікті уақыт бойынша 11:00 шамасында ұшу-қону жолағынан көтерілген, көп ұзамай апатқа ұшыраған. Ол Похараға ұшуы керек болған. 

Құтқару қызметі 37 жастағы кеме капитанын қирандылар арасынан шығарып алып, ауруханаға жөнелткен. 

Полиция өкілі Дан Бахадур Карки қаза болғандар бар екенін растап, ұшқыш жарақатына байланысты емделіп жатқанын айтты.

Әуе компаниясының хабарлауынша, Saruya Airlines Непалда бес бағыт бойынша ұшады және оның флоты үш Bombardier CRJ-200 ұшағынан тұрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары