#төтенше жағдай #тарих #Президент #Астана #спорт #Алматы #шоу-бизнес #Оқу-ағарту министрлігі #Бас прокуратура #білім беру #Ғани Бейсембаев #ас беру #Рахат Тұрлыханов #комикс #комикстер #Нұрәлі Әлиев #мойын тастар #қой #Майқайың #Смағұл Елубай #Нағима Есқалиева #Тина Канделаки #Елнұр Бейсенбаев #шугаринг #Санжар Тәшкенбай #Странджа Кубогы #қылыш #Қылыш #Қатар мемлекеті #Олжас Бектенов #Жайлы мектеп #ұлттық жоба #сапалы білім #сайттар #есту #көру #Ермұрат Бапи #әкелер #отағасы #Асқар Жұмабеков #хат #ману #сабаншы мысығы #паллас мысығы #манул #криптовалюта #Қазақтан шыққан тұңғыш режиссер қыз #алқабилер #Дала қырандары #жасанды интеллект #суперкомпьютер #жедел желі #зардап шеккендер #залал #Ұлттық гидрогеологиялық #«Қазгидрогеология» #Сырым Әуезхан #Салтанат Нүкенова #Бақытжан Байжанов #чемодан #кірпі #үш жігіт #тоқалдарға арналған чемодан #қазақ жігіт #Күләш Байсейітова #бухгалтер #есепші #Қазақстандық файтер #UFC #ChatGPT #Жаслан Мәдиев #тозақ #Аманжол Рысмендиев #әйгерім есенәлі
$ 479.38  531.63  5.27

Зейнетақы қорындағы ақшаны тіс емдеуге жұмсауға тыйым салынады

Жалған құжат пайдалану және нақты медициналық қызметтерді көрсетпеу фактілері анықталды.

Фото: canva
Фото: canva

Протездеу және тіс имплантаттау бойынша қымбат тұратын стоматологиялық қызметтерге қаражат пайдалануды 2024 жылғы 10 тамыз бен 2025 жылғы 1 ақпан аралығында уақытша тоқтата тұру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Біржолғы зейнетақы төлемдері жөніндегі уәкілетті оператор «Отбасы банк» АҚ мәліметіне сенсек, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан қаражатты стоматологиялық қызметтерге пайдалану кезінде нысаналы емес шығару жағдайлары тіркелген.

Банктің мәліметінше, ол жүргізген қызметтік тексерулердің барысында жалған құжат пайдалану және нақты медициналық қызметтерді көрсетпеу фактілері анықталды.

Осыған байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылы 15 ақпанда қабылданған «Емдеуге біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы» бұйрықтың жобасын әзірледі.

Осы бұйрық арқылы протездеу және тіс имплантаттау бойынша қымбат тұратын стоматологиялық қызметтерге қаражат пайдалануды 2024 жылғы 10 тамыздан 2025 жылғы 1 ақпанға дейін алты ай мерзімге уақытша тоқтата тұру көзделіп отыр.

Осы уақыттың ішінде біржолғы зейнетақы төлемдері жөніндегі уәкілетті оператор БЖТ қаражатын мақсатсыз пайдалануға жол бермеу және стоматологиялық қызметтер көрсетудің ашықтығын қамтамасыз ету жөнінде тиісті жұмыс жүргізуге ниетті.

Бұйрықтың жобасы 2024 жылғы 24 шілдеде талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілер порталында орналастырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары