$ 494.87  520.65  4.91

Тәулік ұзарады: ғалымдар Жердің айналуы бірте-бірте баяулайтынын айтты

Бұл зерттеуді NASA ғалымдары жүргізді.

Фото: Сanva.com
Фото: Сanva.com

Жердің айналуы бірте-бірте баяулап, тәулік ұзарады. Бұл зерттеуді NASA ғалымдары жүргізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

— Бұл — жаһандық жылынудың салдары. Мұздың еруі мен теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты планетаның массасы қайта бөлінеді. Алайда күндізгі қосымша уақыт адамдарға көп жұмыс істеуге мүмкіндік беруі екіталай, керісінше, бұл навигациялық ақау сияқты жағымсыз салдарға әкеледі, — деп хабарлады Pro Космос.

Ғалымдардың зерттеуінше, Жердің баяулауының себебі соңғы 120 жылда планетаның осі шамамен 10 метрге ауытқу механизміне байланысты. Мұздықтар еріп жатыр, бірақ жаңалары қалыптасып үлгермеді. 

Жерасты суында да дәл осылай болады — ол буланып, жауын-шашынның жеткіліксіздігінен толтырылмайды. Салдарынан планетаның массасы қайта бөлініп, баяу айнала бастайды және осі ауысады.

Мұны білу үшін ғалымдар алдымен жұлдыздардың көрінетін қозғалысын өлшеу арқылы полюстердің қозғалысын қадағалады.

Әрі қарай олар квазарлардың радио сигналдарын талдау арқылы интерферометрия әдісін қолданды. 

Зерттеушілер полюстердің қозғалысы Жердің ішкі бөлігіндегі және оның бетіндегі процестерге байланысты деп бұрыннан болжаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 37
Ұнамайды 13
Күлкілі 3
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары