$ 498.34  519.72  4.85

Алдағы күндері елімізде 45 градусқа дейін ыстық болады

Республиканың шығысында ауа температурасы +25+37°С, оңтүстігінде +35+45°С, оңтүстік-шығыста +35+43°С дейін көтеріледі. 

Фото: Сanva.com
Фото: Сanva.com

«Қазгидромет» РМК Қазақстан бойынша 25-27 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Синоптиктердің болжауынша, алдағы тәуліктерде антициклон екпіні циклонды республиканың солтүстік-батысына қарай бірте-бірте ығыстырып, атмосфералық фронттардың өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жел күшейеді.

Еліміздің солтүстік-батысында, 25 шілдеде батыста, шығыста, 26-27 шілдеде солтүстікте нөсер жаңбыр жауады. 

Ауа температурасы күндіз батыста +23+33°С, солтүстік-батыста +15+28°С, солтүстікте +18+28°С, орталықта +25° +35°C градусқа дейін төмендейді. Ал, республиканың шығысында ауа температурасы +25+37°С, оңтүстігінде +35+45°С, оңтүстік-шығыста +35+43°С дейін көтеріледі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары