20 шілдеде Қарағанды ферроқорытпа зауытында төтенше жағдай болып, 8 жұмысшы әртүрлі дәрежеде жарақат алғанын жазғанбыз.
Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында болған апат салдарынан екі жұмысшы ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, тағы екі адам есін жимастан ауруханада бақилық болды.
«Интенсивті реанимациялық шаралардан кейін 1981 және 1987 жылы туған екі науқас өз-өзіне келместен көз жұмды. Дәрігерлер олардың өмірін сақтап қалу үшін соңына дейін күресті», – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін 32 жастағы пеш меңгерушісі пеш меңгерушісі Исмаилов Мұзафар Имантайұлы мен 25 жастағы технолог Қазкен Ерұлан Қайырбекұлы денесінің көп бөлігін күйік шалғаннан қайтыс болған.
Ал 20 шілдеде Қарағанды ферроқорытпа зауытында төтенше жағдай болып, 8 жұмысшы әртүрлі дәрежеде жарақат алғанын жазғанбыз.