$ 494.87  520.65  4.91

«Шешелері қарғады»: Туған қыздарын зорлаған ер адамға қатысты қылмыстық іс аяқталды

Оның жазуынша, азғын әке туған қыздарына 10,16 жасынан бастап азғындық жасаған.

Фото: Nemolchi.kz
Фото: Nemolchi.kz

Алматы облысында  әкесі туған қыздарын жылдар бойы зорлап келген. Жуырда қоғамда резонанс туғызған қылмыстық іс аяқталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы құқық қорғаушы Ләззат Рақышева әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Оның жазуынша, азғын әке туған қыздарына 10,16 жасынан бастап азғындық жасаған.

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты өзінің екі туған қызына жыныстық зорлық жасады деп айыпталған Ахмет Цулаевты 25 жылға бас бостандығынан айырды.

«Бүгін туған әкелері зорлаған екі қыздың сотына қатысып, сот үкімі шыққанша жүрегім ауырды. діл сот шешімі шыққанына қуандым. Ол қыздар мен бірге жылап алдым. Таңғы намазымда Алладан әділдікке жеттуімізді сұрадым. Алла дұғамды қабыл етті, соттан шыққанда екі қыз аспанға қарап жылап «Алла, рахмет саған» деді. Ал туған шешелері атып шығып екі қызын қарғап жатты. Ешқашан бүкіл әлемдегі балалар қорланып, зорланбасын, жыламасын!», – деп жазды Ләззат Рақышева.

Ер адамның 2 әйелі қыздарының зорлық көріп жүргенін білсе де, құзырлы органдарға хабар бермеген. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 4

Серіктес жаңалықтары