$ 494.87  520.65  4.91

1,3 млн теңге пара алған шенеунік сотталып, бастығы жұмыстан қуылды

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Фото: canva
Фото: canva

ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы сотталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

17 маусымда Павлодар қаласының № 2 сотының үкімімен Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті облыстық департаментінің бөлім басшысы Қ.Темірханов 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ол өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жыл сайын тексеру жүргізу кезінде жалпы қамқорлығы үшін кәсіпорын басшысынан 1,3 млн теңге сомасында пара алды деп айыпталды.

Мемлекеттік қызмет туралы заңның 10-бабына сәйкес меморган басшылары бағынысты мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға тиіс.

Осыған байланысты Қылмыстық-процестік кодекстің 200-бабы тәртібінде енгізілген Павлодар облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ұсынысы бойынша өзінің лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жоғарыда аталған департаменттің басшысы мен оның орынбасары лауазымынан босатылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары