$ 480.55  533.75  5.36

Балауса Мұздыман бірінші раундта нокаутпен жеңіп, WBA Asia белбеуін иеленді

Боксшы қыз кәсіпқой рингте бесінші жеңісіне қол жетізді.

Фото: www.instagram.com/muzdi
Фото: www.instagram.com/muzdi

Қазақстандық боксшы Балауса Мұздыман Таиландта өткен жекпе-жекте жеңіске жетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Балауса Мұздыман таиландтық боксшы Джиттамат Пхомтамен WBA Asia титулы үшін жұдырықтасты.

KAZ.NUR.KZ сайтының жазуынша, жеңіл салмақ дәрежесінде өткен жекпе-жекте қазақстандық боксшы бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша Балауса кәсіпқой рингте бесінші жеңісіне қол жетізіп, WBA Asia белбеуін иеленді.

Ал Джиттамат Пхомта бесінші мәрте жеңіліске ұшырады. Балауса Мұздыман бұған дейінгі жекпе-жегін 1 маусымда Алматыда өткізіп, үндістандық Моника Сингхты 46 секундта нокаутпен жеңген болатын.

Қазір қазақстандық боксшы Boxrec порталының жеңіл салмақтағы рейтингінде 95-орында тұр.

Айта кетейік, Балауса Мұздыман сәуірде спаррингтік жарыста Жайна Шекербековадан жеңіліп, Олимпиадаға іріктеу турниріне бара алмай қалған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары