$ 494.87  520.65  4.91

Зират маңынан алған суды артезиандық деп сатқан компания лицензиясынан айырылды

Олардың фабрикасы Бартольд көшесі, 157В мекенжайында орналасқан.

Фото: samal.kz
Фото: samal.kz

Samal cуын өндіруші "Бизнес Парк Навигатор” ЖШС лицензиясынан айырылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Stan.kz ақпарат агенттігінің жазуынша, бұған дейін желіде компанияның суды зират маңынан алатыны туралы ақпарат тараған еді. 

"Зираттың жанынан су алып, оны халыққа табиғи су ретінде қалай сата аласыздар?", – делінген 2GIS қосымшасында зауытқа жазылған пікірде. 

"Бизнес Парк Навигатор" ЖШС компаниясы "Керемет су СКЕ" ЖШС үшін су өндіреді. Олардың фабрикасы Бартольд көшесі, 157В мекенжайында орналасқан. Одан 500 метр жерде Солтүстік Алматы зираты басталады.

Компанияның ресми сайтында жарияланған ақпаратта, су көзінің Түрксіб ауданында 300 метрден тереңдіктегі артезиан ұңғысы екені көрсетілген. Дәл сол жерде зират орналасқан.

Қазақстанның электрондық лицензиялау сайтындағы ақпаратқа сәйкес, "Бизнес Парк Навигатор” ЖШС Түрксіб ауданын бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бұйрығымен 17 шілдеде лицензиясынан айырылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#зират