Бүгін Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінен келіп видео түсіріп, сұхбат алған.
Бұл туралы сарбаздың әкесі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, қуанышымен бөлісіп, қолдау көрсеткен баршаға алғысын білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Тимур Жаналин біраз уақыттан бері байланысқа шықпауының себебін түсіндіріп, бүгін Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінен келіп видео түсіріп, сұхбат алып кеткенін жеткізді.
Кейбір себептерге байланысты көптен бері байланысқа шықпадық. Біріншіден, бағымызды үркітіп алмайық деп, екіншіден, ұлымыз толық есін жиғанын күттік. Баршаның ортақ дұғасының арқасында, Алла дәрігерлер арқылы Нұржігітке көмектесіп, күш-қуат беріп, бақытты және ұзақ ғұмыр сүруге мүмкіндік берді. Бірақ күрес жалғасуда... Алда әлі сауықтыру, оңалту барысы күтіп тұр. Сіздермен байланыста болып, хабардар етіп отырамыз. Баршаңызға көп рахмет! – деді кеудесін қуаныш кернеген әке.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Қорғаныс министрлігі Отарда комаға түсіп, жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан сарбазға қатысты мәлімдеме жасады