$ 480.55  533.75  5.36

Екі адам қаза тауып, 10 адам зардап шекті: Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апаты болды (ВИДЕО)

Toyota Prado, Hyundai Sonata, Toyota Avesis маркалы үш көлік соқтығысқан.

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Республикалық маңызы бар "Алматы-Екатеринбург" тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қарағанды ​​облысы полиция департаменті патрульдік полиция батальонының взвод командирі Арман Камилмұратовтың Zakon.kz тілшісіне хабарлауынша, оқиға сағат 15:00 шамасында Шопа ауылының маңында болған.

Toyota Prado, Hyundai Sonata, Toyota Avesis маркалы үш көлік соқтығысып, салдарынан екі адам қаза тауып, 10 адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, - деді ол.

Полицей бұл фактіге байланысты қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптама тағайындалғанын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары