$ 495.2  522.34  4.94

Қазақстанның бірінші ракеткасы неге Париж Олимпиадасынан тыс қалды?

Оның есімін Олимпиаданың ресми сайтында жекелей сындағы және микстегі сеткадан алып тастаған.

Фото: x.com/Wimbledon
Фото: x.com/Wimbledon

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина неге Париж Олимпиадасына қатыспауының себебін түсіндірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Көптің үмітін арқалаған Елена Рыбакина қазақстандықтарға Париж Олимпиадасына қатыса алмайтынын өкінішпен хабарла.

Уимблдон турнирінен кейін жіті бронхитпен ауырдым. Жаттығуға оралуға әрекеттенсем де, менің ағзам толықтай қалпына келген жоқ. Дәрігерлер кортқа шығуыма қатаң тыйым салды. Париж Олимпиадасында біздің құрама үшін өнер көрсетіп, ел үмітін ақтай алмайтыным өте өкінішті. Токиода медальға қол созым жерде болдым. Парижде Қазақстан үшін алтын алуға мұқият дайындалдым. Өкінішке қарай, дерт бұл жоспардың орындалуына мүмкіндік бермеді.

Барлық қазақстандық спортшыларға Парижде сәттілік пен табыс тілеймін.

Мен біздің барлық атлеттерімізге жанкүйер боламын, олардың Олимпиадада ел намысын абыроймен қорғайтынына сенемін. Алға, Қазақстан! - деді теннисші.

Оның есімін Олимпиаданың ресми сайтында жекелей сындағы және микстегі сеткадан алып тастаған.

Жекелей сында Қазақстанның үздік теннисшісін австралиялық Дарья Сэвилл алмастырды.

Ал миксте ол Александр Бубликпен жұп құрайтын еді.

Еске сала кетейік, бүгін Ролан Гаррос стадионында теннистен Париж Олимпиадасының жеребесі тартылып, теннисшілеріміздің бірінші айналымдағы қарсыластары анықталған еді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Рыбакина отандық теннис тарихында алғаш рет әлемнің екінші ракеткасы атанды

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 3
Күлкілі 6
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары