$ 495.2  522.34  4.94

Мерт болған ерлі-зайыптының ісі бойынша 7 полиция қызметкері жұмыстан шығарылды

Көлікті жүргізген полицей қазір тергеу изоляторында отыр.

Фото:  Pixabay
Фото: Pixabay

Велосипед тізгіндеген ерлі-зайыпты адамдарды көлігімен қағып, мерт қылған күдікті Ақтөбе облыстық полиция департаментінің қызметкері болып шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол қазір тергеу изоляторында отыр. Сонымен бірге 7 тәртіп сақшысы қызметінен босатылды. 

Ақтөбе облыстық полиция департаменті жол-көлік оқиғасынан соң жүргізушінің, яғни полиция қызметкерінің ұсталғанын, тергеу изоляторына қамалғанын хабарлады.

Қазір соталды тергеу жұмысы жүріп жатыр. Жүргізуші қамалды. Осы оқиғадан соң қызметтік тексеру жүргізілді. Тексеруден соң 7 қызметкер, соның ішінде басшылары да қызметтен босатылды, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. 

Еске салсақ, 23 шілде күні сағат 00:50-де Ақтөбе қаласы Ақжар-1 ауылы маңында жеңіл көлік иесі велосипед мінген екі адамды қағып, 25 және 26 жастағы ерлі-зайыпты оқиға орнында көз жұмды. Олардың артында екі баласы қалды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары