Естеріңізге сала кетсек, Елена Рыбакина да денсаулығына байланысты Париж Олимпиадасына қатыса алмайды.
Юлия Путинцева Париж Олимпиадасына қатыспайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Путинцева Парижге ұшып келіп, белсенді түрде жаттыға бастаған болатын. Алайда, украиналық Марта Костюкпен болатын матч алдындағы дайындықты қазақстандық спортшы тізесін ауыртып алды. Медициналық тексеруден өткен соң турнирден бас тарту туралы шешім қабылданды.
Айта кетелік, бұған дейін де Юлия тізесіндегі жарақатын айтып, шағымданған болатын.
Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев аталған жағдайға қатысты пікір білдірді.
«Париж Олимпиадасы біз үшін сынақпен басталуда. Алдымен Елена Рыбакина сырқатына байланысты бас тартса, бүгін Юлия Путинцева жарқатына байланысты жарысты тоқтатты. Екі спортшыға да үлкен үмірт арқан едік, өкінішті», - деді Досқараев.