$ 494.87  520.65  4.91

Келесі Бас мүфти кім болады? - Дінтанушылар жауап берді

Мүфтиятта ҚМБД-ның мерзімінен бұрын өтетін құрылтайымен байланысты қарбалас боп жатқан көрінеді. 

Фото: SN.KZ коллажы
Фото: SN.KZ коллажы

Қостанайдың бас имамы ішімдік ішіп, көлік жүргізгені үшін 15 тәулікке қамалған оқиғадан кейін қоғамды келесі сұрақ кезіп кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Democrat.kz сайтына сілтеме жасап.

Қостанайдың бас имамының әбес әрекеті ендігі жерде Бас мүфтидің тағын теңселтіп кетуі бек мүмкін деген болжамдар желдей есіп тұр. Әлеуметтік желіде қазірдің өзінде «келесі мүфти пәленше болуы мүмкін» деген пайым-пікірлер жазыла бастады.

Инсайд дереккөздердің ақпарына сенсек, мүфтиятта қарбалас болып жатқан көрінеді. Бұл қарбалас ҚМБД-ның мерзімінен бұрын өтетін құрылтайымен байланысты болуы әбден мүмкін екен.

Жаңа Бас мүфтиді таңдау науқаны басталмақ па? Олай болса, келесі Бас мүфти кім болуы мүмкін деген сауалмен бірер азаматымыздан сұрап көрдік.

Дін зерттеушісі, дін саласының білікті маманы Тұрарбек ҚҰСАЙЫН: «Бас мүфти ауысары сөзсіз. Қоғамда дін мәселесіне қатысты белең алған проблемалар тым көбейіп кетті. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев кәсібі дипломат адам ғой, еліміздегі діни басқармаға кім болса, соның басшы етіп отырғызбайтыны сөзсіз. Меніңше,  келесі Бас мүфти етіп Қайрат Лама Шариф болады. Бұған себептер өте көп. Діни басқарманы Қайрат Лама Шариф сынды азамат басқармай, қоғамдағы діни проблемаларды шешу мүмкін емес».

Қамбар Мұңсызбайұлы, дінтанушы, тарихшы: «Егер уағыз айту, ел көзіне түсу, жұрттың көңілінен шығу сияқты дүниелерге қарасақ, меніңше Нұрлан имам жаңа мүфти болуы әбден мүмкін. Халықтың көңілінен шығатын нәрсе айтып, қазақтың көкейіне қонатын уағыз айтып жүрген жігіт. Биліктің адамы ғой. Кім келсе де, ендігі жаңа мүфти сайраған уағызшыларға тыйым салып, уағызды тек мешітте айтатын етіп қойса екен. Тайраңдаған салафит, уахабиттерді тізгіндесе екен».

Камал ЖАҚЫПБЕК, зейнеткер: «Мүфтиятты тұтас реформалау керек. Мүфтиятта дәстүрлі діни ұстанымдағы азаматтардан басқа, түрлі ағымдардың қолдаушылары да өріп жүруі әбден мүмкін. Себебі елдегі салафизм, уахабизм өкілдерінің талтаңдай қадам басуы тегін емес. Арқасында тірегі болмаса, теріс ағымдағы дін өкілдері де еркінсімес еді. Сол себепті, мүфтиятты түгел тазалайтын уақыт келді. Меніңше, Нұрлан имам мүфти болса, көп нәрсе өзгерер еді».

Ораз ӘЛІМБЕКОВ, журналист: » Жаңа мүфти мәселесін Ақ орданың идеология бөлімі шешеді. Әрине ҚМБД жарғысына сәйкес, құрылтай өтіп, сол жерде жаңа басшы таңдалады ғой. Алайда соңғы нүктені Ақ орда қоятынын ұмытпайық. Дәл қазір Ақ ордада идеологтар мен дипломаттар арасында текетірес жүріп жатыр. Міне, солардың қайсысы «жеңсе», мүфтидің тағдыры да солай шешіледі. Меніңше, білімді, ҚМБД жарғысына сай, әрі дипломат Қайрат Лама Шариф келесі Бас мүфти болуы әбден мүмкін. Дәл қазіргі кезде қоғамдағы діни мәселе тепе-теңдігін сақтау үшін Қайрат Лама Шариф сынды азаматтың діни басқарманы басқаруы өте тиімді болар еді. Ал Нұрлан имамға келер болсақ, ол — кәдімгі «қолдан жасалған имам» ғой. Проект. Елдегі діни алауыздықты бәсеңдету үшін жұрттың көкейіндегі сөзді айтатын бір дін адамы қажет болды. Нұрлан имам сол дін адамы ретінде ортаға шығып, «хит болды». Нұрлан имам ҚМБД жарғысының талабына сай келмейді-ау».

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Мас имам: Қостанайдың Бас имамы 15 тәулікке қамалды

ҚМДБ мас күйінде ұсталған бас имамды қызметінен босатты

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары