Тамызда аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 10 күн демалады.
Тамызда қазақстандықтар Конституция күніне байланысты қосымша бір күн демалады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін Конституция күні қосымша бір күн демалуға мүмкіндік болады. 30 тамыз жұмаға сәйкес келіп, демалыс 1 қыркүйек, жексенбіге дейін созылады. Жалпы, тамызда аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 10 күн демалады.
Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер де 30 тамыз - жұмада демалады. Бұл ретте сенбі, 31 тамыз жұмыс күні, ал жексенбі, 1 қыркүйек қайтадан демалыс күні болады. Осылайша алты күндік жұмыс аптасында жұмыс істейтін қазақстандықтар тамызда небәрі 5 күн демалады.
Қазақстанда тамызда Конституция күнінен басқа бірқатар атаулы даталар атап өтіледі: