$ 495.2  522.34  4.94

Париж-2024: Қазақстанға Ресейден келген теннисшілердің бәрі жеңіліп қалды

Бублик Тэйлор Фрицтен (АҚШ) жеңілсе, Александр Шевченко алғашқы айналымда чехиялық Якуб Менсикке есе жіберді. 

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Париждегі Олимпиада ойындарында қазақстандық теннисшілер жарыс жолын түгел аяқтады, деп Skifnews.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан командасы сапынан соңғы болып кортқа шыққан Александр Бублик пен Александр Недовесов жұптық сында жеңіліп қалды. Олар Бразилия командасының өкілдері Тьяго Монтейро/Тьяго Сейбот Уайлдқа қарсы ойнап, 4:6, 4:6 есебімен жол берді.

Айта кету керек, бұған дейін жігіттер жекелей сында да бірінші айналымнан аса алмаған. Бублик Тэйлор Фрицтен (АҚШ) жеңілсе, Александр Шевченко алғашқы айналымда чехиялық Якуб Менсикке есе жіберді. 

Ал еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Парижге мүлде барған жоқ, артынша Юлия Путинцева да Олимпиадаға қатысудан бас тартты. Екеуі де денсаулығына байланысты осындай шешім қабылдағанын айтты.

Ескеретін бір жайт, жекелей сында жарыстан шығып қалған төрт теннисші де Ресейден келген легионерлер. Ал Недовесов Украинада туған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары