$ 478.93  534.96  5.16

«Жанкештілік көрсетті»: Тағы бір танымал кәсіпкер Олимпиадада жеңіліс тапқан Әбибаға стипендия бермек

Халық кәсіпкердің бұл ұсынысын бірауыздан қолдаған. 

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Танымал кәсіпкер, меценат Дулат Тастекей Олимпиадада жүлде ала алмай қалған Абиба Әбужақыноваға стипендия бермек, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Токио олимпиадасында қола жүлде алған Елдос бауырымыз сол жылы көпшіліктің шешімімен стипендия иегері атанған еді. Биыл бұл стипендияны Париж олимпиадасында жанкештілік көрсеткен Әбиба қарындасымыз алса, қалай қарайсыздар? - деді ол.

Massaget.kz сайтының жазуынша, халық кәсіпкердің бұл ұсынысын бірауыздан қолдаған.

"Оң шешім, құптарлық жайт", "Өте жақсы идея, дұрыс", "Бойында қазақи мінез, ұлттық намысы бар қыз. Қолдаймыз!", "Өте орынды шешім", "Қос қолдап қолдаймыз!!!", - деді олар.

Абиба Әбужақынова 48 келіге дейінгі салмақта үшінші орын үшін өткен белдесуде швед қызы Тара Бабулфазға жол берді.

Жекпе-жектен кейінгі сұхбатында жеңілісі үшін "маған үміт артқан барша қазақ елінен кешірім сұраймын" деп көзіне жас алған еді.

Ол қарсыласы жарақатынан қайта-қайта теуіп, шыдатпағанын түсіндірді.

Бұған дейін Парламенті Мәжілісінің депутаты, Республика партиясының төрағасы Айдарбек Хожаназаров та Олимпиадада жеңіліс тапқан Әбиба Әбужақыноваға сыйақы беретінін айтты. 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Әбиба Абужақынова әлемдегі ең үздік 5 дзюдошының тізіміне енді

Әбиба Әбужақынова Ташкентте күміс жүлдегер атанды

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 10
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары