$ 494.87  520.65  4.91

«Бәрін түсінеді»: Сидней Олимпиадасының жүлдегері Бибосынов туралы айтты

Менің ойымша, Сәкен Бибосынов осыған дейінгі жаттығуына сай өзінің мықтылығын көрсетеді.

Фото: ҚБФ
Фото: ҚБФ

Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Мұхтархан Ділдәбеков 51 келіде шаршы алаңға шығатын Сәкен Бибосынов пен өзбек Хасанбой Дусматов арасындағы жекпе-жекке қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы. 

Мұхтар Ділдәбековтің айтуынша, Олимпиадада спортшылардың қайсы оза шабатынына баға беру қиын.

«Хасанбой Дусматов Олимпиада чемпионы атанған боксшы. Бұл жерде Олимпиадада мынау чемпион, мынау осал деп қарамайды. Әр спортшы рингте өз әлеуетін көрсетеді. Менің ойымша, Сәкен Бибосынов осыған дейінгі жаттығуына сай өзінің мықтылығын көрсетеді. Барлығымыз Сәкеннің екінші Олимпиадаға келгенін білеміз. Ешқандай қателікке жол бермеу керектігін ол түсінеді. Ертең шаршы алаңда екі боксшының қандай деңгейде екенін көретін боламыз», — деді Мұхтархан Ділдәбеков.

Айта кетейік, бірінші айналымда Сәкен Бибосынов Түркия боксшысынан басым түскен еді. Енді ширек финалда өзбекстан спортшы Хасанбой Дусматовпен кездеседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары