$ 478.93  534.96  5.16

Еліміздің оңтүстігінде қатты ыстық, солтүстігінде жаңбыр болады

Еліміздің оңтүстігінде күндізгі уақытта өте қатты ыстық +38+45°С болады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Алдағы күндері елдің солтүстігінде қатты жаңбыр жауады, оңтүстігінде өте қатты ыстық болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Тамыздың алғашқы онкүндігінде ел аумағының көп бөлігіне циклон әсер етеді, жаңбыр, найзағай, қатты жел, бұршақ жауады, 6-8 тамызда батыста және солтүстік-батыста, 7-8 тамызда солтүстікте кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады. Қазақстан бойынша желдің күшеюі болжанады.

Еліміздің оңтүстігінде күндізгі уақытта өте қатты ыстық +38+45°С болады деп болжануда, ал республиканың қалған аумағында температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары