#төтенше жағдай #тарих #Президент #Астана #спорт #Алматы #шоу-бизнес #Оқу-ағарту министрлігі #Бас прокуратура #білім беру #Ғани Бейсембаев #ас беру #Рахат Тұрлыханов #комикс #комикстер #Нұрәлі Әлиев #мойын тастар #қой #Майқайың #Смағұл Елубай #Нағима Есқалиева #Тина Канделаки #Елнұр Бейсенбаев #шугаринг #Санжар Тәшкенбай #Странджа Кубогы #қылыш #Қылыш #Қатар мемлекеті #Олжас Бектенов #Жайлы мектеп #ұлттық жоба #сапалы білім #сайттар #есту #көру #Ермұрат Бапи #әкелер #отағасы #Асқар Жұмабеков #хат #ману #сабаншы мысығы #паллас мысығы #манул #криптовалюта #Қазақтан шыққан тұңғыш режиссер қыз #алқабилер #Дала қырандары #жасанды интеллект #суперкомпьютер #жедел желі #зардап шеккендер #залал #Ұлттық гидрогеологиялық #«Қазгидрогеология» #Сырым Әуезхан #Салтанат Нүкенова #Бақытжан Байжанов #чемодан #кірпі #үш жігіт #тоқалдарға арналған чемодан #қазақ жігіт #Күләш Байсейітова #бухгалтер #есепші #Қазақстандық файтер #UFC #ChatGPT #Жаслан Мәдиев #тозақ #Аманжол Рысмендиев #әйгерім есенәлі
$ 479.38  531.63  5.27

Өскеменде белгілі спортшы өлтірілді: Қылмыстық іске қатысты сот үкімі шықты

Прокурор кісі өлтірді деген айыпталушыны 11 жылға бас бостандығынан айыруды, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа жүйеде өтеуді сұрады.

Фото: instagram.com/katonkaragay_audany_akimdigi және видеодан алынды
Фото: instagram.com/katonkaragay_audany_akimdigi және видеодан алынды

Өскеменде спортшының өліміне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке cілтеме жасап. 

Қаңтардың 13-і күні Өскенменде тұрғын үйлердің аулаларының бірінде спортшы Ельер Юнусметовті әлдекімдер атып өлтірген. Кейін күдікті Абай даңғылында ұсталды.

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі күдіктінің адам өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, 13 жылға бас бостандығынан айырылғанын хабарлады.

Сот Қылмыстық кодекстің "Атыс қаруын заңсыз сақтау, алып жүру және тасымалдау",  "Қасақана кісі өлтіру” баптары бойынша қылмыстық істі қарады.

Сот анықтағандай, сотталушы Т, 2024 жылдың 13 қаңтарында Өскемен қаласында 16-калибрлі тегіс ұңғылы аңшы мылтығын пайдаланып, азамат Ю-ны қасақана өлтірген.

"Сотталушы Т.-ның өз кінәсін мойындауымен қатар, куәлардың айғақтарымен, сот-медициналық және сот-биологиялық сараптамалардың қорытындыларымен, бейнебақылау камераларының бейнежазбаларымен және алынған қылмыс қаруымен дәлелденді", – делінген хабарламада.

Прокурор кісі өлтірді деген айыпталушыны 11 жылға бас бостандығынан айыруды, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа жүйеде өтеуді сұрады.

Күдікті 13 жылға сотталды. Сонымен қатар, тағы бір азамат қылмыс туралы хабарламағаны үшін 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын алды.

"Сотталушы Т-ға 13 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қатаң тәртіптегі қылмыстық-атқару жүйесінде өтеу, сотталушы Г-ға пробациялық бақылау белгіленіп, бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды”, – делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 4
Күлкілі 0
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары