12.08.2024, 10:20

Алғашқы Олимпиадасында күміс жүлдегер атанған Нұрбек Оралбай елге оралды

Фото: Massaget.kz

Спортшы жұртшылықпен кездесіп, келесі Олимпиада ойындарында алтын алуға уәде берді.

Қазақстандықтар Парижде өткен Олимпиадада бокстан күміс жүлдеге ие болған Нұрбек Оралбайды күтіп алу үшін Астана әуежайында жиналды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Нұрбек Оралбайды қарсы алуға жанкүйерлері жиналды. 

Олар Қазақстанның Мемлекеттік туын, боксшының суретін алып шықты.

Спортшы жұртшылықпен кездесіп, келесі олимпиада ойындарында алтын алуға уәде берді. Айта кетейік, 80 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Нұрбек үшін Париж рингі финалға шығып, күмісті қанжығасына байлаған алғашқы Олимпиада болды.