Алтынбектің айтуынша, қызыл жалынға оранған пәтерді көргеннен кейін балконнан өртеніп жатқан терезеге еш ойланбастан секіріп кірген.
Астанада өртеніп жатқан пәтерден қыз баланы құтқарып қалған азамат марапатталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында жазды.
«Алтынбек Алтаевпен және оның ұлымен кездестім. Ер адам тұрғын үй кешенінің жоғарғы қабатында болған өрттен қыз баланы құтқарып қалды.
Алтынбектің айтуынша, қызыл жалынға оранған пәтерді көргеннен кейін балконнан өртеніп жатқан терезеге еш ойланбастан секіріп кірген. Оның осындай жауапты сәтте үрейге бой алдырмай, қауіпке бел буғаны таң қалдырады әрі бұл әрекеті құрметке лайық! Тұрғындарымыздың қысылтаяң сәтте шет қалмай, көмекке ұмтылатынын мақтан тұтамыз!» – деп жазды Жеңіс Қасымбек.