$ 494.87  520.65  4.91

«Мас адам жүргізушіні ұрған»: Шымкентте автобустағы оқыс қозғалыстан бір жолаушы қаза тапты

Әйел басына тиген зақымнан жедел жәрдем барғанша оқиға орнында көз жұмған. 

Фото: Отырар
Фото: Отырар

Шымкентте мас адам автобус жүргізушісін ұрып салдарынан, оқыс қозғалыс кезінде көлік ішіндегі өзге жолаушы құлап қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға сайрам тұрғын алабында №148 автобуста болған. Мамандардың мәліметінше, жол үстінде қоғамдық көлік жүргізушісін масаң күйде болған тұрғын соққыға жыққан. Сол сәтте жүргізуші тежегішті бірден басып қалған. Осы сәтте есіктің алдында тұрған әйел құлап кетіп, басына тиген зақымнан жедел жәрдем барғанша оқиға орнында көз жұмған.

"Жарақат алған жүргізуші ауруханада. Жалпы жолаушылардың қоғамдық көліктегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақстында, жүргізушілерді қолма-қол ақша алудан босату бойынша қала әкімінің қаулысы ашық нормативтік құқықтық актілер порталында енгізіліп, талқылаудан өтуде. Одан бөлек, жүргізушілерді жолаушылардан оқшаулау әйнегін техникалық регламентке сәйкес орнату пысықталуда", — деді Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшы орынбасары Шерзат Сүттібаев.

Полиция департаменті қазір күдікті қамауға алынып, тергеу жұмысы басталғанын жеткізді. Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалыа, сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары