$ 494.87  520.65  4.91

Аптап ыстық, нөсер жаңбыр: Алдағы күндері елімізде ауа райы қандай болады

Алдағы күндері республика аумағының басым бөлігінде найзағай ойнап, екпінді жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін.

Фото: Pixabay.com
Фото: Pixabay.com

Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Бұл туралы 2024 жылғы 20, 21 және 22 тамызға арналған ауа райы болжамында айтылады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Қазгидромет" РМК ақпаратына сәйкес, алдағы күндері республика аумағының басым бөлігінде найзағай ойнап, екпінді жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін.

"Тек республиканың оңтүстігі мен батысында қатты жаңбыр жауады, 22 тамызда таңертең Қазақстанның оңтүстігінде жел күшейіп, шаңды дауыл соғады", — деді синоптиктер.

Болжам бойынша, республиканың басым бөлігінде ауа температурасы күндіз +16+25°С, батыс пен оңтүстікте +22+35°С, шығыс пен оңтүстік-шығыста +22+35°С болады деп күтілуде + күндіз 23+33°С.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары