$ 478.96  533.03  5.22

«Қыз зорлады» деп айыпталаған Жанқош Тұраровтың әйелі пікір білдірді

"Ел алдында жүрген адамдар туралы не айтылмай жатыр".

Фото: instagram.com/klarita_os
Фото: instagram.com/klarita_os

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың әйелі Клара Иса күйеуіне «қыз зорлады» деп тағылған айыпқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

«Хабарласқанда телефон алуға шамасы келмей, уақыт таппай жүрген «құрбы-таныстың» бәрі бүгін түннен бері хабарласып, хал-жағдай сұрасты ғой. Бәрі дұрыс, уайымдамаңыздар. Ел алдында жүрген адамдар туралы не айтылмай жатыр», - деп жазды Клара Иса.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде алғашқы жартылай орта салмақта IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жанқош Тұраров қыз зорлады деген күдікке ілінгені туралы ақпарат пайда болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 6
Күлкілі 5
Ашулы 7

Серіктес жаңалықтары