Отбасына емдеуді үйлестіру, ауруханаға жатқызу үшін ел мен клиниканы таңдауда көмек қажет.
Басынан жарақат алып, мүгедек болып қалған Ербаян Мұхтардың еміне 140 млн жиналды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Сарбаздың ата-анасы тәулік бойы кезекшілік ету үшін жеке дәрігерлерді жалдауға мәжбүр. Қиын жағдайға тап болған отбасы қаражат жинау үшін арнайы шот ашқан.
Отбасына емдеуді үйлестіру, ауруханаға жатқызу үшін ел мен клиниканы таңдауда көмек қажет.
Желіде сарбазға қатысты жантүршігерлік видео тараған болатын. Роликте ол әскерге өз еркімен кетіп, артынша ауруханада ауыр хәлде жатқаны көрсетіледі. Сарбаз алты айдан бері комада жатыр.
Ербаян Мұхтар әскерде басынан жарақат алған. Қазіргі таңда ол өз күшімен тамақтана алмайды және сөйлей алмайды.
Ұлттық ұлан бұл дерекке қатысты тергеу жүріп жатқанын хабарлады.
"Қатардағы жауынгер Мұхтардың басынан соққы алуына байланысты Қылмыстық кодекстің 440-бабы 3-бөлігі 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда қажет сараптамалар тағайындалды. Соталды тергеу әлі де жүріп жатыр. Тергеу барысы ІІМ басшылығының жеке бақылауында", - делінген ведомство хабарламасында.