$ 494.87  520.65  4.91

«Қазақ газ өңдеу зауытының» директоры ұсталды

Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.

Фото: Сanva.com
Фото: Сanva.com

«Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС басшысы жемқорлық күдігіне ілінді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Маңғыстау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Оған аукцион өткізбей, аса ірі мөлшердегі кәсіпорын мүлкін заңсыз сатты деген айып тағылып отыр. Келген шығын 65 млн теңге. Күдікті сот санкциясымен қамауға алынған.

Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары