$ 494.87  520.65  4.91

Бүгін - Ақұштап Бақытгерееваның туған күні

Тұңғыш өлеңдер жинағы «Өрімтал» 1967 жылы жарық көрді.

Фото: madeniportal.kz
Фото: madeniportal.kz

Осыдан 80 жыл бұрын (1944) қазақ ақыны, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығысының лауреаты Ақұштап БАҚТЫГЕРЕЕВА дүниеге келді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Ақжайық ауылында туған. 1966 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар пединститутының филология факультетін тәмамдаған.

Еңбек жолы: 1966-1971 жылдары Орал облыстық «Орал өңірі», Талдықорған облыстық «Октябрь туы», республикалық «Қазақ әдебиеті» газеттерінде әдеби қызметкер, 1971-1972 жылдары «Қазақфильм» киностудиясында редактор, 1972-1975 жылдары «Жұлдыз» журналында әдеби қызметкер, 1975–1981 жылдары «Жазушы» баспасының аударма редакциясында редактор болған. Қазақстан Жазушылар одағының Батыс Қазақстан облыстық филиалының директоры болды.

Тұңғыш өлеңдер жинағы «Өрімтал» 1967 жылы жарық көрді. «Наз» (1969), «Қанышым — іңкәрім» (1971), «Сені ойлаймын» (1973), «Ақ қанат» (1975), «Бақыт әні» (1978), «Жайық қызы» (1980), «Белокрылая» (1981), «Ақжелең» (1985), «Сүмбіле» (1990) атты кітаптары басылып шықты. 2001 жылы «Ақ шағала» атты таңдамалы жыр жинағы, 2004 жылы «Лебединая верность» атты жинағы жарық көрген. С. Капутикян, В. Тушнова, А. Ахматова өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Көптеген ән мәтіндерінің авторы.

Құрмет» (2005) орденімен; «Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 10 жыл» (2001), «10 жыл Астана» (2008), «Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015), «Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 25 жыл» (2016), «20 жыл Астана» (2018) медальдарімен; «Тіл жанашыры» (2008), «Қазақстан Республикасының полициясына 20 жыл» (2015), «Желтоқсан оқиғасына — 30 жыл» (2016) төсбелгілерімен марапатталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары