$ 494.87  520.65  4.91

Үкімет АЭС бойынша референдум өткізу туралы қаулыны қабылдады

Атқарушы орган тиісті Үкімет қаулысының жобасына дауыс берді.

Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz

Үкімет АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум туралы қаулы жобасын қабылдап, Президентке жолдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдумға бастамашылық жасау және «Республикалық референдумды өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасын Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізу туралы Үкімет қаулысының жобасын қарауға шығаруды ұсынамын. Референдум арқылы Қазақстан азаматтары тұрақты, тиімді және көміртексіз энергия көзіне негізделген еліміздің болашағы туралы шешім қабылдай алады», - деді Энергетика министрі.

Премьер-Министрдің сөзінше, әлемдік тәжірибе атом энергетикасы экономиканың көптеген салаларында инновацияларды қолдануға ынталандыратынын көрсетті.

«Әрі отандық өнеркәсіптің дамуына да үлкен серпін береді. Сондықтан біз өзімізде баламасы жоқ тұрақты және сенімді энергия көзінен тыс қала алмаймыз», - деді ол.

Атқарушы орган тиісті Үкімет қаулысының жобасына дауыс берді.

«Энергетика министрлігіне Үкімет Аппаратымен бірге Жарлық жобасын Президент Әкімшілігіне енгізуді тапсырамын», - деді Үкімет басшысы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары