$ 494.87  520.65  4.91

Абай облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды

Toyota Land Cruiser және Nissan Еlgrand маркалы екі көлік соқтығысқан.

Фото: Абай облыстық ПД
Фото: Абай облыстық ПД

Абай облысында екі көлік соқтығысып, 3 адам қаза болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы «Семей-Өскемен» тасжолында болған. Toyota Land Cruiser және Nissan Еlgrand маркалы екі көлік соқтығысқан.

«Жол апаты салдарынан 1 жүргізуші мен 2 жолаушы сол жерде қаза болды. Әртүрлі дене жарақаттарын алған 3 адам медициналық мекемеге жатқызылды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі (Абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу барысы Абай облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары