$ 494.87  520.65  4.91

«Өз баласына зәбір көрсеткен»: Қамаудан шыққан Павел Дуровқа тағы бір айып тағылды

Павел Дуров 2021 мен 2022 жыл арасында 2017 жылы туған баласына 5 рет зәбір көрсеткен. Салдарынан баланың миы шайқалып, ұйқысы бұзылған. 

Фото: ТАСС/AP/Tatan Syuflana
Фото: ТАСС/AP/Tatan Syuflana

Швейцариялық Ирина Болгар Тelegram негізін қалаушы Павел Дуровтың үстінен шағым түсірді. Ол өзін Павел Дуровтың балаларының анасымын деп таныстырған. Ирина Болгар Павел Дуровты баласына зәбір көрсетті деп айыптап отыр. Шағым Швейцария сотына 2023 жылдың наурыз айында түскен. Алайда бұл туралы бүгін ғана белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы америкалық Forbes басылымына сілтеме жасап. 

Әйелдің айтуынша, Павел Дуров 2021 мен 2022 жыл арасында 2017 жылы туған баласына 5 рет зәбір көрсеткен. Салдарынан баланың миы шайқалып, ұйқысы бұзылған. 

“Дәлел ретінде Болгар Дуровпен хат алмасқанын және 2023 жылғы сәуірдегі дәрігердің анықтамасын көрсетті. Анықтамада баланың ұйқысы бұзылып, мазасыздануға бейім болып кеткені жазылған”, – деп жазды басылым.

Кейін Ирина Болгар екеуінің ортақ балаларын асырап отырғаны туралы азаматтық талап-арыз бергені белгілі болды. Сондай-ақ әйелдің айтуынша, Павел Дуров алимент төлеуді тоқтатқан. Сол себепті Ирина Болгар айыпталушының баласына күш көрсеткені туралы арызданбас бұрын ол Дуровтан 150 мың еуро көлемінде алимент өндіру туралы сотқа жүгінген.

Бұған байланысты Павел Дуров әзірге мәлімдеме жасаған жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары