$ 478.96  533.03  5.22

Астанада жүргізуші төрт көлікке барып соғылды (ВИДЕО)

Қалалық полиция департаменті оқиға 29 тамызда Тәуелсіздік-Панфилов қиылысында болғанын хабарлады. 

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Астанада жеңіл көлік жүргізушісі көпірден төмен түсіп келе жатып, рульге ие бола алмай алдында тұрған төрт көлікке соқтығыств. Жүргізушілердің бірі зардап шекті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. 

Қалалық полиция департаменті оқиға 29 тамызда Тәуелсіздік-Панфилов қиылысында болғанын хабарлады.

«Тойота автокөлігінің жүргізушісі Тәуелсіздік - Панфилов даңғылының қиылысында көпірден түсу кезінде рульге ие бола алмай, алдында тұрған төрт көлікке соқтығысқан. ЖКО салдарынан жүргізушілердің біріне медициналық көмек көрсетілді», – деп хабарлады ПД.

ЖКО бойынша тексеру жүргізілуде, деп толықтырды құқық қорғау органдары.

Ал желі қолданушылары оқиғаға қатысты түрлі пікір білдірді.

«Телефон шұқылап отырған шығар», «Бастысы адамдар тірі болса болды», «Телефонның кесірі», – деп жазды желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары