Қала басшысы "МузАрт" тобының "Сен келерсің" әнін орындаған.
Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар шаһардың орталық алаңында ән шырқады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жақсылық Омар тұрғындарды қала күнімен осылай құттықтаған. Мерекелік шара барысында Республика алаңында ашық аспан астындағы караоке ұйымдастырылған. Мүмкіндікті пайдаланған қала басшысы "МузАрт" тобының "Сен келерсің" әнін орындаған.
Кадрлардан әкімнің айтқан әніне вальс билеген жастар мен жиналған тұрғындарды байқауға болады.
Айта кетейік, Жақсылық Омар Өскемен қаласының әкімі қызметіне 2018 жылдың 20 тамызында тағайындалған еді. Оған дейін Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.