$ 495.2  522.34  4.94

«Адам өзінен-өзі құлап, мұндай ашық ауыр ми жарақатын алмайды»: Тахир Халимназаров Ербаянның жарақаты туралы айтты

Оқиға осыдан 9 ай бұрын Алматыдағы 5571 бөлімшесінде түнгі сағат екілер шамасында жалпақ тілде “очко” дейтін жер-дәретханада орын алған көрінеді.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Журналист Дина Төлепберген әлеуметтік желіде сарбаз Ербаян Мұхтардың жағдайына қатысты дерек бөлісіп, белгілі сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаровтың пікірін жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

“Адам өзінен-өзі құлап, мұндай ашық ауыр ми жарақатын алмайды”. Белгілі сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров Ербаян Мұхтардың диагнозына қарап осындай қорытынды шығарып отыр. Ал әскеридегілер бізге белгісіз куәгердің сөзіне сүйеніп, сарбаз өздігінен құлады деуде. Оқиға осыдан 9 ай бұрын Алматыдағы 5571 бөлімшесінде түнгі сағат екілер шамасында жалпақ тілде “очко” дейтін жер-дәретханада орын алған көрінеді.

Туыстарының айтуынша, әскерде Ербаян үздіксіз әркімнен ақша сұрап жүрген. Ал әскерилер мұны түрлі тәтті алуға жұмсаған шығар деп отыр.

Тағдыры талқан болған тарланның тезірек тұрып, ақиқаттың ашылуын тілеймін…», — деп жазды журналист.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 10

Серіктес жаңалықтары