$ 498.34  519.72  4.85

Қарағандыда бір топ адам төбелес шығарды (ВИДЕО)

Оқиғаның барлық қатысушылары полиция бөліміне жеткізілді. 

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Қарағандыда рестобардың маңында ер адамдар арасында болған төбелестің видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға 31 тамызға қараған түні болған. Рестобардың екі келушісі арасында жанжал туындап, арты төбелеске ұласқан.

Желіде тараған видеодан тәртіп бұзушыларды тыныштандыруға тырысқан полицейлерді көруге болады.

Бейнежазбаға Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі түсініктеме берді.

Ведомствоның мәліметінше, жанжалдың барлық қатысушылары полиция бөліміне жеткізілген.

«TEDD рестобарында болған бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның барлық қатысушылары полиция бөліміне жеткізілді. Мән-жайларды анықтау барысында 31 тамызға қараған түні бұл мекемеде екі келуші арасында жанжал болып, төбелеске ұласқаны анықталды. Қазіргі уақытта сараптама тағайындалды. Нәтижесінде кінәлі тұлғалардың іс - әрекеттеріне құқықтық баға беріледі», -  делінген ПД хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары