Оқиғаның барлық қатысушылары полиция бөліміне жеткізілді.
Қарағандыда рестобардың маңында ер адамдар арасында болған төбелестің видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға 31 тамызға қараған түні болған. Рестобардың екі келушісі арасында жанжал туындап, арты төбелеске ұласқан.
Желіде тараған видеодан тәртіп бұзушыларды тыныштандыруға тырысқан полицейлерді көруге болады.
Бейнежазбаға Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі түсініктеме берді.
Ведомствоның мәліметінше, жанжалдың барлық қатысушылары полиция бөліміне жеткізілген.
«TEDD рестобарында болған бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның барлық қатысушылары полиция бөліміне жеткізілді. Мән-жайларды анықтау барысында 31 тамызға қараған түні бұл мекемеде екі келуші арасында жанжал болып, төбелеске ұласқаны анықталды. Қазіргі уақытта сараптама тағайындалды. Нәтижесінде кінәлі тұлғалардың іс - әрекеттеріне құқықтық баға беріледі», - делінген ПД хабарламасында.