Осылайша «Астана» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде 8-орынға көтерілді.
Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 19-турында «Астана» «Қайратты» жеңді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Еурокубок ойындарына қатысуына байланысты елордалық команда бірқатар ойынды кейінге шегерді. Қазірге дейін небәрі 13 ойынннан кейін 18 ұпаймен 10-орында тұрған болатын. Ал, алматылық ұжым 17 ойыннан кейін 32 ұпаймен көш басында келеді.
Кездесу барысында қос команда жеңіске жету жолын іздеді. Десе де бір-біріне тегеурінді қарсылық көрсете білді. Ойын тағдырын 84-минутта елордалық командадан Марин Томасов соққан жалғыз гол шешті. Осылайша «Астана» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде 8-орынға көтерілді.