$ 478.96  533.03  5.22

БҚО-да жол апаты болып, ер адам көлікте тірідей өртеніп кетті

Қайғылы оқиға 1 қыркүйекте сағат 13.20-да Бөрлі-Ақсай-Жымпиты тасжолында болған.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

БҚО-да жантүршігерлік жол апаты болып, ер адам көлікте тірідей өртеніп кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарт порталы "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 1 қыркүйекте сағат 13.20-да Бөрлі-Ақсай-Жымпиты тасжолында болған. БҚО полиция департаментінің мәліметінше, тасжолдың 23-шақырымында қарама-қарсы келе жатқан екі көлік соқтығысқан.  

"Алдын ала болжам бойынша, Volkswagen Passat жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, Subaru-мен соқтығысқан", - делінген полиция хабарламасында. 

Жол апатынан кейін Volkswagen өртеніп кеткен. Салонда отырған жүргізуші тірідей өртеніп кеткен. Сонымен қатар Subaru-да отырған жолаушы оқиға орнында мерт болды. 

Subaru-дың жүргізушісі мен үш жолаушысы түрлі дене жарақаттарын алған. Олар ауруханаға жеткізілді. Жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары