$ 494.87  520.65  4.91

Президенттің ұлы 15 жылға сотталуы мүмкін

Бұл туралы судья мәлімдеді.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

АҚШ президенті Джо Байденнің ұлы Хантер Байден 15 жылға сотталуы мүмкін, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Президенттің ұлы салықтан жалтару ісінде барлық пункттер бойынша күтпеген жерден кінәсін мойындады. Осылайша ол көпшілік алдындағы сот процесінен құтылды. Әйтсе де, Хантер Байден 15 жылға дейін сотталып, оның қоса, миллион доллар айыппұл төлеуі мүмкін.

Бұл туралы судья Марк Скарси мәлімдеді.

Скарси үкімнің желтоқсанның 16-да жарияланатынын хабарлады.

Еске салсақ, АҚШ президентінің 2016-2019 жылдары 1,4 миллион доллар салық төлемеді деген айып тағылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары