$ 484.11  528.79  5.03

Алматыда мопедші жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кетті (ВИДЕО)

Оқиға орнынан қашып кеткен мопедші қатты қорыққаннан осындай қадамға барғанын айтады.

Жол апаты 28 тамыз күні таңғы сағат 07:15-те мегаполистің Әуезов ауданында болған. Мопедші жолдан өтіп бара жатқан қызды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Төле би даңғылымен батыс бағытта кетіп бара жатқан мопед жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан қызды қағып кетті. Жәбірленуші жоғары жылдамдықпен келе жатқан мопедшіні автобус тұрғандықтан байқамай қалды.

Бейнежазбадан қатты соққы салдарынан қыздың бірнеше метрге ұшып кеткенін көруге болады.  Қазір жәбірленуші ауруханада ем алып жатыр.

Оқиға орнынан қашып кеткен мопедші қатты қорыққаннан осындай қадамға барғанын айтады.

Жедел іздестіру бөлімшесінің қызметкерлері жүргізген шаралардың нәтижесінде мопед жүргізушісі ұсталды. Күдікті 23 жастағы басқа өңірден келген жігіт болып шықты. Жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жедел іздестіру шаралары барысында қаланың бейнебақылау жүйелерінің ресурстары пайдаланылды”, – деп мәлімдеді Алматы қалалық полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Серік Шумаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары