Жәбірленушілер Айс Мұратоваға көзсіз сенбеген. Айтуынша, алаяқ бастапқыда тауар жіберіп тұрған. Осылайша, сұраныс артқан. Олар тіпті, көтерме саудамен айналысқысы келетін өзге адамдардан онлайн тапсырыс жинаған. Ақшаны жинап алған соң алаяқтар халықты сан соқтырған.
Айс Мұратова есімді келіншекке алданып, ақшасынан айырылған халық алаяқтың ақшаны өзіне ғана емес, туыстарына да аударғанын айтады. Жәбірленушілер алаяқтықпен келген ақша мен қымбат мүліктердің тәркіленіп, ақшаларын қайтаруын талап етіп отыр, деп Skifnews.kz ақпарат порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Алаяққа алданған мыңға жуық жәбірленуші Қытайдан арзанға тауар алып, кәсібін дөңгелетеміз деп ойлаған.
«Бағасы тиын болды. Мысалы, бізде 11 мыңдық шәйнектер мың жарым теңге, мың теңге болып шығатын. Қасықтары 700-800-1000 теңгеден асып кетсе, солай боп шығатын. Ауру болдық, ішіміздегі баламыз түсті, өз-өзімізге қол жұмсаған күн де болды. Қан қысымым жиі көтеріледі. Қатты шаршадым», – дейді Тараз тұрғыны Гүлнәз Мәлікова.
Жәбірленушілер Айс Мұратоваға көзсіз сенбеген. Айтуынша, алаяқ бастапқыда тауар жіберіп тұрған. Осылайша, сұраныс артқан. Олар тіпті, көтерме саудамен айналысқысы келетін өзге адамдардан онлайн тапсырыс жинаған. Ақшаны жинап алған соң алаяқтар халықты сан соқтырған.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Тауар түгілі, тас та жоқ»: Мейрамбек Беспаевтың жарнамасына алданған халық шу шығарды
«Жан-жақтан жеп жатыр. Ақшамызды қайтар, біз Айсты танымаймыз, біз саған салдық, сен ақшаны қайтар бізге, қалай болса да тауып бер, қай кезде бересің, күнде жазады, күнде телефон соғады, тыныштық жоқ», – дейді ашынған алматылық тұрғын.
Ақшасын қайтара алмай жүрген халық «Айс Мұратова» деген лақап атпен танымал Арайлым Қожамұратованың жақындары мен туыстары да жазалансын деп отыр.
«Өзімде мың адам бар. Мың адаминан тапсырыс алып, Айсқа 100 миллионның үстінде тауарға ақша өткіздім. Ақшаны тек өзі емес, бүтін тума-туысқаны, інілеріне жіберткізді. Бәрі Гелендваген, неше түрлі қымбат-қымбат, 60 миллион, 130 миллионның көлігін айдап жүр. Әр інісіне, анасына үй сатып алып берген», – дейді Орал тұрғыны Марина Ғапсаттарова.
Күдікті қазір уақытша ұстау изоляторында отыр. Былтыр тамыз айында оған қатысты алаяқтық бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстарының жалғасып жатқанына бір жылдай уақыт болды.
«Алматы полиция департаментінің тергеу басқармасы ҚК 190-бабының 4-тармағы бойынша қылмыстық істі тергеуде. Аса ірі көлемде, алаяқтық дерегі бойынша. Қылмыстық іс жүргізу кодексімен көзделген барлық тергеу жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді Алматы полиция департаментінің өкілі Салтанат Әзірбек.
Күдіктіге алданған халық Алматы прокурорының орынбасары қабылдауында болып, талап-арыздарын айтты. Прокурор алаяқтыққа қатысы бар адамдардың бір жазаланады деп уәде берді.