10.09.2024, 13:00

«Кездейсоқ емес»: Маңғыстауда бетіне оқ тиіп, қаза тапқан сарбаздың әпкесі жазба жариялады (ВИДЕО)

Фото: TikTok

Мен қазір не болып жатқанын түсінбеймін, бірақ сенің тыныш жатуың үшін, барымды салғым келеді.

Ақтаудағы "Оймаша" полигонынында бетінен оқ тиіп, қаза тапқан қатардағы жауынгер Марат Барқұловтың әпкесі бауыры туралы жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әпкесі әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялап, желі қолданушыларынан бауырының өліміне кінәлілерді жазалауға көмектесуді сұрады. 

"Кішкентай інім әскерге кетіп, қайтып оралмады. Ол қолынан келгенше мені қорғап жүретін, менің 1 әпкем, 1 қарындасым бар дейтін. Мен қазір не болып жатқанын түсінбеймін, бірақ сенің тыныш жатуың үшін әділеттің салтанат құруына қандай да бір үлесімді қосқым келеді. Барлығыңыздан осы іс бойынша ақпарат таратуды сұраймын. #ЗаМаратика хэштегімен сторис, пост, видео жариялайық", – дейді марқұмның әпкесі. 

Ол Маратқа кездейсоқ оқ тигеніне сенбейтінін және қылмыс жасаған адамның жазадан құтылып кетеді деп қорқатынын жеткізді.